Методика обучения

Қазақстан Республикасы Президентінің

Жарлығы 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

  

Астана, Ақорда, 2011 жылғы маусымның 29-ы.

 

№ 110

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2011 жылғы 29 маусымдағы

№ 110 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

 

 

Бағдарлама паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

Әзірлеу үшін негіз

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 793-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар

 

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты

 

Міндеттері

Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;

мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;

мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;

тіл мәдениетін жетілдіру;

коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;

Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;

ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

 

Іске асыру мерзімі

2011 - 2020 жылдар

бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар

екінші кезең: 2014 - 2016 жылдар

үшінші кезең: 2017 - 2020 жылдар

 

Нысаналы индикаторлар

Мыналарды:

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін («Қазтест» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);

мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);

мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);

тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);

қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);

республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай - 90%);

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);

республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15 %-ға дейін) ұлғайту.

 

Қаржыландыру көздері мен көлемі

2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды. 2011 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

 

Кіріспе 

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген.

Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерінің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.

Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын.

Ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс.

Бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаға қатысты барлық іс-шаралар Конституцияның 7-бабына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына барынша сәйкес түзілген.

Бағдарламаны іске асырудың нәтижелі болуы жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және негізгі бағдарламалық іс-шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, бұл шаралардың практикалық нәтижесіне қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері, оның ішінде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдар күш жұмылдыруға тиіс.

Қазіргі ахуалды талдау

Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.

1997 - 2000 жылдары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998 - 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.

2001 - 2010 жылдары Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын іске асыру жұмысы басталды.

Бағдарламаны іске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тіл құрылысының келешекпен сабақтас негізін қалады:

- мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы елеулі түрде кеңейді: қазақ тілінде оқытатын балабақшалар - 1178 (2001 жылмен салыстырғанда 876-ға өскен), мектептер - 3821 (2001 жылмен салыстырғанда 173-ке артты), 101 мемлекеттік тілді оқыту орталығы құрылды;

- іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру процесі белсенділікпен іске асырылып келеді (мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы шамамен 67 %-ды құрайды);

- мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқу-әдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үштілді 8 салалық сөздік жарық көрді);

- мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып отырады (сервистің 20-дан астам түрі, әлемнің 50 елін қамтитын белсенді тұтынушылар аудиториясы бар);

- мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі, сонымен қатар баспасөздегі мемлекеттік тілдің үлесі 50 %-дан жоғары);

- шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде;

- Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7516 мектептің 1524-і орыс тілінде, 58-і өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-еуі тәжік тілінде оқытады, 2097-сі - аралас мектептер; 2261 мектепке дейінгі білім беру мекемесінің 272-сі орыс тілінде, 3-еуі басқа тілдерде оқытады, екі тілде оқытатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны - 808; этномәдени бірлестіктердің 190 жексенбілік мектебінде 30 этностық топ ана тілін үйренуде; Қазақстандағы 50 театрдың 9-ы аралас тілде, 15-і орыс тілінде, 1-еуі - корей, 1-еуі - неміс, 1-еуі - өзбек және 1-еуі ұйғыр тілдерінде).

Алдағы онжылдықтағы (2011 - 2020 жылдардағы) тіл құрылысының қисыны елімізде бірқатар проблемалы аспектілердің бар болуымен байланысты.

Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл проблемалы аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандарттарының, қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейінің төмендігімен, қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру және мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей байланысты.

Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тізбесі проблемалы болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз дақпырттар мен таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.

Қазақстан қоғамындағы тіл мәдениетінің төмендеуі. Аталған аспект бойынша, терминология, антропонимика және ономастика салаларындағы проблемалар, сөйлеу мәдениеті мен жазу жүйесін жетілдіру қажеттілігі, сондай-ақ толерантты тілдік орта құру мәселесі лингвистикалық кеңістіктің одан әрі дамуы жолында айтарлықтай қиындықтар туындатып отыр.

Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттілігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы бар.

Осы проблемаларды шешудің және нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің басым қажеттілігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттерді көздейді. 

Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері 

Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Бағдарламалық мақсаттар:

1) мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің басты факторы;

2) мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу;

3) дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті;

4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

Нысаналы индикаторлар:

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша емтихан тапсырудың нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);

мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);

мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%);

тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);

қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);

республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылға қарай - 90%);

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);

республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15%).

Міндеттер:

1) мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;

2) мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;

3) мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;

4) мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру;

5) мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;

6) қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;

7) тіл мәдениетін жетілдіру;

8) коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;

9) Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;

10) ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.

Нәтижелер көрсеткіштері:

мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын қазақ тілі пәні оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес);

он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90%);

аккредиттеуден өткен Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);

Қазақ тілін тілді оқытатын орталықтарда оқитындар санының өсуі (2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кемінде 30%, 2017 жылғы өсім кемінде 70%, 2020 жылға қарай - 100%);

мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі бойынша сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%);

мемлекеттік тілді білудің «Қазтест» бағдарламасы бойынша сертификат алған мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (2017 жылға қарай кемінде 50%, 2020 жылға қарай 100%);

мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайын кемінде 10%);

мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі (жыл сайын 10%);

мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын кемінде 50%);

көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%);

тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%);

ана тілдерін үйретуге арналған әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);

орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету мақсатымен қызметін ұсынатын мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылға қарай - 50%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%). 

Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар 

Бірінші бағыт - мемлекеттік тілді меңгеру

Мақсаты: «Мемлекеттік тіл - ұлт бірлігінің басты факторы»

Нысаналы индикаторлар:

мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тілін білу деңгейін бағалау бойынша емтихан тапсыру нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 95%);

мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%).

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды.

1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау

Қазақ тілін оқыту әдіснамасын жетілдіру үшін ең алдымен, оқытудың тиісті стандарттарын жетілдіру және үздіксіз білім беру моделін жасау арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін енгізу қарастырылып отыр.

Көпдеңгейлі стандарт арқылы тілді А1-А2 деңгейлері бойынша қарапайым түрде пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлері бойынша біліктілікпен пайдалану көзделуге тиіс.

Құрылған стандартты жүйенің негізінде мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамалық негізін дайындау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де әзірлеу көзделеді.

Осы шаралар мемлекеттік тілді бастауыш сыныптарындағы оқушылардың А1 деңгейінде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейінде, мектептің жоғары сынып, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының В1 деңгейінде, жоғары оқу орны студенттерінің В2 деңгейінде, жоғары оқу орнынан кейін білім алатындардың С1 деңгейінде игеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса, тілді меңгеру үлгілерін жетілдіру мен жаңғырту көзделеді. Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс.

Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарты негізінде шығармашылық педагогикалық ізденістің және оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеудің тұрақты процесі сөзсіз қажеттілікке айналатын болады.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.

Мамандарды жоғары сапалы деңгейде оқыту ісін жүргізуге ұйымдастырушылық және әдістемелік мүмкіндігі бар ғылыми-білім беру орталықтары санының аздығына байланысты қашықтан оқыту жүйесін кеңінен енгізу көзделеді.

2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің ең қажетті екінші құрамдас бөлігі - қазақ тілін оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін құру болып табылады. Қазақ тілін оқытуға арналған осы орталықтар оқу орындарын бітірген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруінің инфрақұрылымдық базасына айналуға тиіс.

Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының білім беру қызметіне міндетті талаптарды енгізуді көздейді.

Бұл үшін, ең алдымен, орталықтардың білім беру қызметіне қойылатын талаптарды енгізу үшін құқықтық базаны, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын осы талаптарға сәйкес аккредиттеуді жүзеге асыру үшін құқықтық негізді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізу қарастырылады.

Орталықтардың рейтингін жасауға орталық тыңдаушыларының «Қазтест» бағдарламасы бойынша емтихан тапсыру нәтижелері туралы шынайы мәліметтер негіз болады. Рейтинг мәліметтері қоғам үшін де, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау үшін де қолжетімді болмақ.

Рейтинг жүйесін енгізу үшін мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қызметіне рейтингтік бағалау жүргізудің құқықтық негізі мен әдіснамасын әзірлеу қажет.

3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру

Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті құрамдас бөлігі мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру және мониторинг жүргізу жүйесін құру болып табылады.

Аталған міндетті мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ халыққа қызмет ұсыну саласындағы ұйымдардың қызметкерлерінің (банктер, сауда ұйымдары, қызмет көрсету саласы және тағы басқалары) қазақ тілін білу деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды айқындау арқылы іске асыру көзделеді. Аталған шара мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды бекітетін құқықтық базаны әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту жүйесін ұйымдастыруды қажет етеді.

Сонымен қоса «Қазтест» бағдарламасының негізінде білім деңгейін жыл сайын бақылаудың жыл сыйынғы жүйесін енгізу көзделеді.

Білім беру жүйесінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау көзделеді. Қазақ тілі мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) мен ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қажетті және міндетті құрамдас бөлігіне айналуға тиіс.

Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеше серіктестік әдістерін қолдану қарастырылған.

Сонымен қатар, оқытудың инновациялық түрлері мен әдістемелерін әзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді.

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін меңгеру үшін саяси-дипломатиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар отандастар мәселелері бойынша сараптамалық және зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру көзделеді.

Нәтижелер көрсеткіштері:

мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын қазақ тілі оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес);

он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 90%);

аккредиттеуден өткен мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының үлесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);

мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында қазақ тілін мемлекеттік қатысу тұрғысынан оқитындар санының өсуі (2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылғы өсім 30 %-дан кем емес, 2017 жылғы өсім 70 %-дан кем емес, 2020 жылға қарай - 100%);

«Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын алған мемлекеттік қызметшілердің үлесі (2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%);

«Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді білу сертификатын алған, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі (2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%).

 

Екінші бағыт - мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту

Мақсаты: «Мемлекеттік тілдің көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу»

Нысаналы индикаторлар:

мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі (2014 жылға қарай - 53%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 70%).

Екінші мақсатқа қол жеткізудің алгоритмі арқылы мемлекеттік тілдің беделін арттыру мен қолданылу аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүзеге асыруды көздейді.

1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру

Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру және орнықтыру арқылы қол жеткізіледі. Осы бағыттағы негізгі рөлге PR-технологиялар ие болады. Бұл үшін мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және насихаттау жөніндегі арнайы жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.

Нысаналы аудиториялардың негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, бірқатар үлгі тұтарлық бейнелер мен модельдерді әзірлеу негізінде мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа табысқа жеткен, мәртебелі тұлғаларды, оның ішінде мемлекеттік және басқа да тілдерді білетін өзге ұлт өкілдерін тарту көзделеді.

Аталған жұмыстар жиынтығы, сондай-ақ мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру процесіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігі мен мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үкіметтік емес сектордың шығармашыл әлеуетін тартуды талап етеді.

Жоспарланып отырған шаралар қатарында Интернетті қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрінде мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізетін үлгі тұтарлық бейнелерді медиалық ротациялау, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарды шығаруды, негізгі нысаналы аудиториялар үшін көрнекі және имидждік өнімдер шығара отырып, көрнекі үгіт құралдарының PR іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жөніндегі жұмысқа бірлескен акциялар өткізу арқылы мемлекеттік-жекеше серіктестік әдістерін тарту көзделеді.

Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшіліктің қолдануына қол жеткізу аталған жүйенің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ тілінде сөйлейтін, оның ішінде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын және шетел диаспорасы өкілдерін PR жұмысына тарту арқылы мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшіліктің қолдануына қол жеткізу жөнінде ауқымды науқан ұйымдастыру көзделеді.

Сонымен қатар қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, ақпараттық-идеологиялық сипаттағы шаралар кешенін - ақпараттық және қоғамдық науқандар, ірі қоғамдық қозғалыстар, акциялар мен жобалар ұйымдастыру талап етіледі.

Қоғамдық пікірді қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың маңызды элементінің бірі - мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріндегі ұнамсыз таптаурындарды бейтараптандыру көзделеді.

Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдану саласындағы ұнамсыз таптаурын пікірлерді алдын ала анықтау жөнінде зерттеу-талдау қызметін жүргізу, қажетті шаралар кешенін айқындау арқылы жолға қойылады.

Үкіметтік емес сектор мен масс-медиа әлеуеті мемлекеттік тілді қолдану саласындағы жағымсыз аспектілерді қоғамдық айыптау тетіктерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстың негізгі ресурсына айналуға тиіс.

2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына кіріктіру болып табылады.

Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа телевизиялық арналар құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу арқылы айрықша мүмкіндіктер ашылады.

Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тіліндегі контентті кеңейту, арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, фильмдер түсіру арқылы мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалану көзделеді.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету де маңызды аспект болып саналады.

Қоғамдағы тіл мәдениетін тікелей қалыптастыратын адамдар ретінде БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті тілдік біліктілік талаптарын енгізу ерекше рөлге ие болады.

Сонымен бірге, аталған бағытта мемлекеттік тілді ғылым, заңнамалық актілер және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту шаралары көзделеді.

Осы ретте дәстүрлі және инновациялық тәсілдер негізінде өзіндік ғылыми-технологиялық тілдік базаны қарқынды дамыту барынша өзекті болып саналады.

Энциклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аудару ісін ұйымдастыру және көп таралыммен шығару мемлекеттік тілдің қазіргі қолданбалы ғылым тілі ретіндегі рөлін барынша күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, «электрондық үкімет» шеңберінде электрондық қызмет көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын жандандыра түсу көзделеді.

Қазақ тілінің халықаралық қарым-қатынас, демалыс және ойын-сауық саласында қолданылуын кеңейте түсу де көзделіп отыр.

Мәдениет мекемелерінің репертуарларын қазақ тіліндегі жаңа контентпен толықтыру қажеттілігі мемлекеттік тілдегі жаңа қойылымдарды және жобаларды, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына лайықталған шығармаларды туындату үшін шығармашыл әлеуетті ынталандыруға арналған конкурстық шараларды ұйымдастыру және өткізудің міндеттерін айқындап берді.

Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшілік шараларды өткізген кезде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану сөзсіз қажеттілікке айналуға тиіс.

Халықаралық кездесулер өткізіп, шарттарды, келісімдерді және өзге де халықаралық актілерді ресімдеу кезінде мемлекеттік тіл негізгі тіл болуға тиіс.

Этнотуристік іс-шараларды (мәдени-этнографиялық ескерткіштерге саяхат, скаутинг, балалардың этносаяхаттары және жазғы этнолагерьлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттік тілдің әлеуетін белсенді пайдалану өте өзекті болып саналады.

Нәтижелер көрсеткіштері:

мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайынғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінің 10 %-ынан кем емес);

мемлекеттік БАҚ эфирінде мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі (жыл сайынғы телевизиялық жобалардың жалпы санының - 10 %-ы);

мемлекеттік тілде шығатын баспасөзді қолдауға бағдарланған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі (жыл сайын 50 %-дан кем емес).

 

Үшінші бағыт - қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыру

Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті»

Нысаналы индикаторлар:

тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);

қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%).

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

Аталған бағытты іске асыру арқылы ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз ету көзделеді.

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру арқылы, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу, қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделеді.

Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіре түсу, сондай-ақ географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу талап етіледі.

Антропонимикалық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.

Терминологиялық лексиконы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндет өте өзекті болып саналады.

Қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстары қажетті шаралар болып есептеледі.

Аталған жұмыс әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің үлгілерін, халықаралық терминдерді және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекітілген терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиілігіне тұрақты мониторинг жасау жағдайында жүргізілуге тиіс.

Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізуді талап етеді.

Сонымен қатар салалық терминологияның бірыңғай электрондық базасын құрып, қазақ терминологиясының жалпы қорын жасап, веб-сайттар мен порталдарға орналастыру көзделеді.

Сондай-ақ үздіксіз тілдік өзгерістер процесін тіркеп отыратын, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттілігі де өте өзекті болып табылады.

Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылып отырған жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болуға тиіс.

Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою және тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі.

Көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі қазақ әдеби тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту де қажетті шаралар қатарына жатады.

2. Тіл мәдениетін жетілдіру

Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі сөйлеу мәдениетін дамыту болуға тиіс.

Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін және жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.

Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен бірге мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мерзімді баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етіледі.

Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электрондық тілдік қызметті құру және одан әрі дамыту, элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми жазба дағдыларын үйрету жүйесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғанына дау жоқ. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.

Нәтижелер көрсеткіштері:

көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%);

тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%);

 

Төртінші бағыт - лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

Мақсаты: «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»

Нысаналы индикаторлар:

республикадағы орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (2020 жылға қарай - 90%);

ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);

республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 15%, 2020 жылға қарай - 20%);

үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 12%, 2020 жылға қарай - 15%).

1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі

Төртінші бағытты іске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.

Мұның аясында орыс тілін оқыту жүйесін оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан одан әрі қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсіптік тұрғыдан оқыту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Орыс тілінің қолданылуын ақпараттық қолдауға Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде орыс тілін пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілетін болады.

2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

Осы міндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог мамандарды тарту және халықаралық тәжірибені, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады.

Бұған қоса, этностардың тілдерін сақтау және мәдениеттерді өзара байыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету көзделеді. Кеңінен ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және қазіргі заманғы жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.

Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуіне жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін одан әрі іске асыру арқылы жоспарланады.

3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілдері болып табылады.

Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау көзделіп отыр.

Шет тілдік мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы үкіметаралық келісімдер аясындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар - Шет мемлекеттердің мәдениет күндерін, көрмелер өткізу, көркем және деректі фильмдерді түпнұсқа тілінде көрсету көзделеді.

Нәтижелер көрсеткіштері:

ана тілдерін үйретуге арналған әдістемелік көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);

орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету қызметін ұсынатын, тілдерді оқытатын мемлекеттік орталықтардың үлесі (2014 жылға қарай - 50%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%). 

Бағдарламаны іске асыру кезеңдері 

Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2011 - 2013 жылдар) тілдерді одан әрі дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізу көзделеді.

Мәселен, бірінші кезеңнің аясында мемлекеттік тілді оқыту стандарттарын жетілдіру, қазақ тілін оқыту орталықтарын аккредиттеудің және олардың қызметін рейтингтік бағалау ісінің құқықтық негізін әзірлеу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылады.

Бұған қоса, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйелеуді қамтамасыз ету мәселесі бойынша ономастика саласындағы, терминологиялық лексиканы біріздендіру мәселесі бойынша терминология саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар мен көрнекі ақпаратты сәйкестендіруді жүзеге асыру мәселесі бойынша антропонимика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.

Сонымен қатар, құқықтық олқылықтарды жою мен тіл туралы заңнаманың бұзылғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделеді.

Осы кезеңде мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізетін, Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін сақтауға және оқып-үйренуге қолайлы жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені, сондай-ақ нәтижелердің тиімділігіне мониторинг жүргізу жүйесін енгізу көзделеді.

Екінші кезең (2014 - 2016 жылдар) аясында мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар мен әдістерді енгізу жөніндегі практикалық шаралар кешенін іске асыру қарастырылады. Сонымен қатар, осы кезеңде Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу ісін жүргізу, сондай-ақ олардың қызметіне рейтингтік бағалауды енгізу жұмыстары басталады.

Мемлекеттік тілді меңгеруді ынталандыру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру - мемлекеттік қызметшілердің, халыққа қызмет көрсету және мемлекеттік қызметтер көрсету саласы қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруі жөніндегі міндетті төменгі талаптарды енгізу көзделеді. Бұған қоса, мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтумен қатар, әзірленген нормативтік құқықтық базаның негізінде қазақ тілінің терминологиялық қорын ретке келтіру, ономастикалық кеңістікті жүйелеуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар басталатын болады.

Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017 - 2020 жылдар) мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру көзделеді.

Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу көзделеді.

Бұған қоса, ономастика, терминология, мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу, сондай-ақ толерантты тілдік ортаны сақтау жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. 

Қажетті ресурстар 

2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады.

Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды.

2011 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. 


 Мемлекеттік қызметшілердің сөйлеу мәдениеті 

атты оқыту

Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілерге сөйлеу мәдениетінің нормалары мен қазақ тіліндегі жазылымның негізгі бағыттарын (жолдары, әдістемелері, әдіс-тәсілдері) меңгерту және оларды қызмет бабында қолдана білуге дағдыландыру.

Міндеттері: 

  1. Мемлекеттік қызметшілерге сөз дәлдігі, логикалығы, тазалығы, мәнерлігі, байлығы және қисындылығы жайлы мағлұмат беріп, күнделікті қызметінде қолдана алуға бағыттау.
  2. Қызметшілерге қызметтерінде тілдік және бейвербалды амалдар байланысын қолдана алуды игерту;
  3. Мемлекеттік қызмет саласында шешендік өнерді қолдануды мәтіндер арқылы меңгерту;
  4.  Қызметте тілдік тұлғаны қалыптастыруға байланысты тапсырмалар арқылы іскери сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  5. Әдеби стиль мен ресми стильдің ерекшеліктерін игерте отырып, көркем сөйлесім мен ресми сөйлесімді мәтіндер арқылы қалыптастыру.
  6. Мемлекеттік қызметте қолданылатын жазылым жұмыстарының тізімімен таныстыру, мемлекеттік қызметшінің типтік ережелерді қызмет бабында қолдану дағдыларын қалыптастыру;
  7. Типтік ережелерде берілген үлгілерге сәйкес жазылымды игерту.
  8. Тыңдаушылардың атқаратын қызметтеріне сәйкес жазылымдарды іріктеу арқылы күнделікті қызметінде қолданатын қызметтік хаттарды жазып үйрету.
  9. Мемлекеттік қызметшілерге аналитикалық жазба, сараптамалық талдау, есеп жаздырып үйрету.  

 Мемлекеттік  және  жергілікті  басқару

саласындағы қызметшілерге  аударма ісін

оқыту  бағдарламасы

Курстың   негізгі   мақсаты  -  Мемлекеттік  және  жергілікті  басқару  саласындағы  қызметшілерге  қызметтік хаттардың  жазылым  нормаларымен  ресми  жазылым  нормалары негізгі  бағыттарын(әдістемелері, әдіс-тәсілдері) және  олардың  қызмет  бабында  орыс тілінен қазақ тіліне аудара білу. Тыңдаушылардың ана тіліндегі мәтіндерді орфоэпиялық нормаға сай оқуын, ауызекі сөйлесуде дұрыс қолдануын, іс қағаздарының барлық түрлерімен таныстырып, өз тараптарынан кез-келген құжатты мемлекеттік  тілде аудару  дағдыларын қалыптастыру, ойын мемлекеттік тілде еркін баяндауын, қызметтеріне қажетті терминдерді меңгерту, оларды қызметтерінде тиімді қолдана алуға үйрету.

Курстың   негізгі   міндеті  -   Жергілікті  және  мемлекеттік  басқару   қызметшілеріне басқару саласындағы қолданылатын аударма ісі   жұмыстарын, мамандығына қажет терминдерді меңгерту.

Қазақ  тілінде  сөйлем   құрастырудың  әдіс-тәсілдерін  практикалық  жолмен  игерту.

Сөйлемнің түрлерін қазақ тілінен орыс тіліне арналған  жаттығулары  арқылы  үйрету.

Қызметі  бойынша  хаттарды  құрастыру. 

Қазақша ойды реттеуге арналған жаттығулар арқылы тыңдаушылардың қазақ және орыс тілінде ойлауын қалыптастыру, ресми  жазылым  техникасын  меңгерту.

Аударма ісі, сараптамалық  талдау, аналитикалық  жазба, есеп  жазуды  практикалық  жағынан  меңгерту.


 

Английский язык.Начальный уровень. 

Цель: Основной целью образовательной программы «Английский язык. Начальный уровень» является формирование и развитие способности и готовности к межкультурной коммуникации, что предполагает развитие умений элементарного письменного (письмо, чтение) и устного иноязычного общения (говорение, аудирование).

Данный курс разработан с целью формирования и развития практических навыков владения английским языком для повседневной и профессиональной коммуникации в рамках начального уровня. Предполагается последовательное овладение все видами речевой деятельности: говорение, чтение, понимание и письмо. В рамках данного курса будут использованы инновационные методики и приемы обучения английскому языку.

Задачи:

  1. формирование и развитие коммуникативных языковых компетенций в рамках пройденной лексики;
  2. формирование и развитие лексических навыков в рамках пройденного материала;
  3. формирование и развитие умений употреблять в речи фразы и выражения, необходимые для выполнения конкретных задач;
  4. формирование и развитие способностей понимать отдельные предложения и часто встречающиеся выражения, связанные с основными и профессиональными сферами жизни;
  5. формирование умений вести личную переписку, составлять заявки, заполнять формуляры и анкеты, делать рабочие записи при чтении и аудировании текстов, функционирующих в конкретных ситуациях профессионально-делового общения.

Актуальность: Современные требования к профессиональной деятельности предполагают формирование поликультурной личности в сфере бизнеса, науки и образования, появляется необходимость в международной коммуникации. Основой формирования поликультурной личности является полиязычие – владение казахским, русским и английским языком. В этой связи понимание роли языков в современном мире ставит актуальным вопрос обучения языкам и повышения уровня языковой подготовки.

Порядок контроля знаний: 

1.Еженедельная проверка навыков аудирования.

2.Работа над устной речью – обсуждение бытовых и профессиональных проблем.

3.Проверка понимания прочитанного материала – обсуждение с преподавателем или групповые дискуссии.

4.Еженедельная проверка усвоения грамматического и лексического материала.

5.Еженедельная проверка навыков письма по средствам практических заданий: деловая переписка, частная переписка, письменный анализ той или иной ситуации.

Ожидаемые результаты:

По окончании данного курса слушатели должны:

- овладеть основными умениями во всех видах речевой деятельности на элементарном уровне;

- уметь понимать прочитанную информацию в соответствии с конкретной целью;

- уметь передавать на английском языке сообщения в форме монологического высказывания (в рамках указанной тематики) и обмениваться информацией в процессе диалогического общения,осуществляя при этом определенные коммуникативные намерения в рамках речевого этикета (знакомство, представление, установление и поддержание контакта, запрос и сообщение информации, побуждение к действию, выражение просьбы, согласия/несогласия с мнением собеседника/автора, завершение беседы и др.);

- уметь воспринимать на слух информацию на английском языке в рамках указанных сфер и тематики общения;

- уметь передавать на иностранном языке и корректно оформлять информацию в соответствии с целями, задачами общения и с учетом адресата (написание резюме для приема на работу, заполнение формуляров, анкет; написание личного письма и открытки и др.), осуществляя при этом определенные коммуникативные намерения. 


 Английский язык. Продолжающий уровень.

Цель: Основной целью образовательной программы «Английский язык для государственных служащих. Продолжающий уровень» является развитие языковых навыков и их практическое применение в устной и письменной речи, как в бытовых, так и в профессиональных ситуациях. Эта цель достигается в процессе комплексного и взаимосвязанного обучения всем видам речевой деятельности: аудирование, говорение, чтение, письмо и представляет собой интенсивный курс, включающий в себя стройную систему лексико-грамматического материала.

Задачи:

1.Формирование и развитие коммуникативных навыков в рамках программы «Продолжающий уровень». Данные навыки предполагают свободное использование необходимой лексики в устной  речи, восприятие информации на слух, умение четко и связно пересказывать информацию, а также  ведение беседы или дискуссии.

2.Работа с текстом (чтение, понимание и извлечение нужной информации из текста).

3.Свободное владение техникой письма продолжающего уровня (умение писать/отвечать на деловые письма, работа с официальными документами)

4.Пополнение лексического и грамматического запаса слушателей для последующего применения его на практике.

6. Развитие навыков самостоятельной работы по изучению английского языка. 

Формы самостоятельной работы слушателей: Обсуждение в парах, в группе пройденного материала согласно заданиям преподавателя с последующей их защитой, индивидуальные тестовые задания по пройденным темам модуля; прослушивание материалов на восприятие на слух, согласно заданиям преподавателя; письменные работы, сочинения, составление писем, резюме; чтение текстов с последующими заданиями к ним.

Порядок контроля знаний: 

1.Еженедельная письменная проверка усвоения грамматического и лексического материала.

2.Работа над  связной устной речью – дискуссии и беседы.

3.Проверка понимания прочитанного материала – обсуждение с преподавателем или групповые дискуссии.

4.Еженедельная проверка навыков письма посредством практических заданий: деловая переписка, частная переписка письменный анализ той или иной ситуации.

Ожидаемые результаты:

По окончании данного курса слушатели должны:

- понимать устную (монологическую и диалогическую) речь на повседневные и профессиональные темы;

- извлекать необходимую информацию из прочитанного материала и уметь использовать эту информацию в обсуждении проблем, поднятых в данном материале;

- адекватно использовать грамматические структуры в письменной и устной  речи;

- уметь спрашивать и сообщать фактическую информацию;

- выражать эмоциональное состояние;

- грамотно оформлять официальные документы и письма;

- поддерживать на должном уровне беседу с иностранными партнерами;

- знать необходимую государственному служащему терминологию.