Біз туралы

OLS компаниясы 2008 жылы құрылды.

Бүгінгі күні OLS білім беру орталығы өзінің қызметін айтарлықтай кеңейтті және курстарды, семинарларды, мемлекеттік және шетел тілдерін оқыту бойынша тренингтер ұйымдастыру, аударма қызметтерін көрсету, гид-аудармашыларды ұсыну сияқты қызметтер көрсетеді.

Біз Қазақстандағы Англия мен АҚШ-тың алдыңғы қатарлы оқытушыларынан, сондай-ақ біздің орталықтарда ғана емес, сонымен қатар онлайн режимінде қашықтықтан ғана емес, дипломы бар қазақстандық оқытушылардан білім алудың бірегей мүмкіндігін ұсынатын алғашқы тіл мектебі болып табыламыз.

Қазіргі уақытта бізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен - Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Семей, Қызылорда, сондай-ақ Қазақстанның және ТМД-ның басқа да қалаларынан келген адамдар қазақ, ағылшын және басқа да тілдер бойынша оқытудан өтеді.

 

БІЗДІҢ САЯСАТЫМЫЗ

Тілдерді білу қашан да біздің алдымыздан жаңа перспективалар ашады, әсіресе, ағылшын тілін білу, себебі ол басты әлемдік тіл болып табылады.

Біздің орталықтарымызда сіздер шетел тілдерімен қатар, мемлекеттік тіл – қазақ тілін үйреніп, біліміңізді жақсартып, ҚАЗтест тапсыруға дайындалуыңызға болады.

 

OLS ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІі:

Компания менеджменті – талантты менеджерлер, оқытушылар, аудармашылар, лекторлар, әдіскерлер және IT-мамандардың ұйымшыл командасы.


Тіл орталығы

Оқытушылар – педагогика саласында мол тәжірибесі бар білікті мамандар, сондай-ақ клиентке бару арқылы, сондай-ақ интернет арқылы онлайн конференция көмегімен қашықтықтан тіл орталығының кеңселерінде студенттерге шетел тілін меңгеруге көмектесуге дайын тұратын түрлі елдердің төл тілді оқытушылары.


Шетел тілін оқыту – оқытылатын тілдің ортасына толық сіңісу арқылы оқыту (орыс тілін пайдаланбастан).

Сабақтар дербес, жұптап, сондай-ақ әр студентке жеке бейімделуді қамтамасыз ететін шағын топтарда жүргізіледі.

Сөйлеу тілін дамытуды, рөлдік ойындарды, аудиокітаптарды, әндерді, фильмдерді, English Club көптеген басқаларын қамтитын, уақытпен тексерілген бірегей оқыту бағдарламасы пайдаланыла отырып өткізілетін қарқынды әрі қызықты сабақтар.

Толық техникалық жабдықтау, аудиторияларда мыналар қолжетімді: Оқу порталы, презентациялардың, аудио-бейне материалдардың жаңартылған базасын шолу және тыңдау, түрлі жаңалыққа толы оқиғаларды қарау, оқу-әдістемелік және басқа да мақсаттар үшін үшін жоғары жылдамдықты қолжетімді интернет, АҚШ, Ұлыбаритания және басқа да елдердің оқытушыларымен көп арналы конференция-байланысы.

Онлайн курстар (бейне-конференция режимінде)

Үйден, кеңседен, жұмыстан шықпай-ақ әлемнің кез келген түкпірінен онлайн бейне-конференция режимінде үздік оқытушылар – Ұлыбритания, АҚШ, Испания, Франция, Германия, Италияның төл тілді оқытушыларының, сондай-ақ жергілікті білікті ұстаздардың шетел тілдерін оқытуы.

OLS Аударма агенттігі

OLS бұл нарықта 9 жылғы жұмыс тәжірибесі бар аударма агенттігі болып табылады, 50 тілге жуық кәсіби және жазбаша аудармаларды орындайды, жұмыс тақырыптамасы ауқымды, оның ішінде: көркемдік, әдеби, техникалық, медициналық және заңгерлік мәтіндер мен құжатттар, баспасөз хабарламалары, жарнама және көптеген басқалары. Сонымен бірге кез келген тақырыптағы ауызша түрдегі жүйелі және ілеспе аудармаларды жасайды.

Кәсіпқой тәжирибелі аудармашылардан тұратын біздің команда аудармаларды ең жоғарғы деңгейде орындап береді. Әрбір аудармашы тақырыпқа сай терминологияны меңгерген өз саласының майталманы, осы арқылы дайын аударманың жоғары сапалы болып шығуына кепілдік беріледі.

Жазбаша аудармалармен жұмыс жасағанда OLS кәсіби компьютерлендірілген платформаны қолданады, нәтижесінде аудармашылар, редакторлар мен түзетушілерге бір мезгілде жұмыс жасауға, ал менеджерлерге олардың жұмыс жылдамдығын бақылауға жағдай жасалады. Платформа глоссарийлер мен аударма жадын пайдаланып жұмыс істейді, осы арқылы біз қысқа мерзімде көлемді аудармалар жасап, сапасы мен бірізділігінің сақталуына қол жеткізе аламыз. Платформа деректер қауіпсіздігіне қойылатын ең жоғары талаптарды сақтайды: барлық жобалар жабық аккаунтта жүргізіледі, осыдан материалдарға қол жеткізу деңгейі ретке қойылады.

Сондай-ақ компанияның соңыра материалдарды аударумен, аудио-видео цифрландыру, Autocad, сайттар, порталдар, CRM жүйелердің тікелей әкімшілік бөлігінде жұмыс жүргізу үшін қажетті техникалық ресурстары мен тәжірибесі бар.

Біздің корпоративтік клиенттер үшін біз дербес менеджер бөліп беру мүмкіндігін, жеңілдіктер мен сараланған икемді төлем жүйесін ұсынамыз.