Біздің оқытушылар

Сіздерге Ұлыбритания, АҚШ, Қазақстан және әлемнің басқа да елдерінің кәсіпқойларын таныстыруға қуаныштымыз! Әрбір ұстазымыздың жоғары біліктілігі халықаралық дипломдар мен сертификаттармен расталған, ал біздің оқытушыларымыздың жинақтаған кәсіби әрі өмірлік тәжирибесі олардың баға жетпес артықшылығы болып табылады.

Баршаға аян, нағыз ұстаз -бұл ізденістегі, ұдайы өзін-өзі жетілдіруші тұлға, сол себепті біздің оқытушылар әрдайым жаңалықтарды зерделеп, біліктілігін жоғарылату курстарына қатысып, шетелден тағылымдама алу үшін сапарға шығады. Тек осы бағытты ұстанып қана әрдайым қарқынды өзгеріске толы әлемге ілесіп жүруге және оқушыларға, әсіресе тілдерді оқыту жайына қатысты, өзекті әрі заманауи білімді жеткізуге болады.

Сабақтарымызда оқытудың тиімді амалдары мен әдістері қолданылатындықтан біздің оқытушылар жүргізетін дәрістер қызықты әрі жемісті өтеді. Бұл біздің оқытушыларымыздың өз ісін шын жүректен атқаратындықтарының белгісі. Академик В.Ключевский айтқандай: «Жақсы ұстаз болу үшін үйрететін пәніңді әрі үйренуші қауымды ұнату қажет».