Балалар мен жасөспірімдерге

Балаларға арналған ең үздік және ең қызықты ағылшын тілі! 

Ойын түрінде оқыту

Біздің «Ойна әрі оқы», «Жазғы лингвистикалық лагерь» «Бурабайдағы лагерь» бағдарламаларымыз балалардың тілге деген қызығушылығын, олардың тіл қабілеттерін дамытуға және өз қатарластарымен ұмытылмайтындай уақыт өткізуге мүмкіндік беруге бағытталған.

Бір жыл бойы балаларға арналған академиялық ағылшын тілі!

Оқыту бір жыл бойы Сіз үшін қолайлы кез келген уақытта өткізіледі. Тәжірибелі менеджерлер мен оқытушылар Сіздің балаңыз үшін барынша қолайлы әрі тиімді оқыту әдістемесін ұсынуға дайын.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІЗДІҢ КУРСТАР

Ойна әрі оқы

Бір жыл бойы

OLS оқу орталығы балаларға арналған ағылшын тілін оқыту топтарына қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Балалардың жас шамасы 6 жастан бастап 13 жасқа дейін.

Біздің мақсатымыз – балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын туындату, әдеттегі «мектептегі» сабақ беру әдісінен алшақтау және ағылшын тілінде тілдесудің барынша тиімді дағдыларын беру.

Оқыту курсынан өткесін Сіздің балаңыз меңгереді:

- Шет тіліндегі сұхбаттасуды ұғыну;

- «Шынайы өмір» тілдесуінде ағылшынша сөйлеп, бұл өнерін қолдана білу;

- Көлемдегі сөздік қорын молайтады;

Жазғы лингвистикалық лагерь

Жыл сайын 1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін 

Біздің оқытушыларымыз ойын-сауықтық әрі танымдық үлгіде грамматика, ауызекі тілдесу негіздерін түсіндіреді, сіздің балаларыңыздың сөздік қорын сапалы түрде толықтырады.

Рөлдік ойындар, бейне-сыныптар – барлық сабақтар соншалықты бейдәстүрлі болып келеді, сондықтан да балалар бұны қызықты әрі көңілді демалыс ретінде қабылдайды, сондай-ақ достар табуға, бос уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуге көмектеседі, ал ұстаздар сіздің балаңызға қысқа мерзімде еркін сөйлеуге және дүниетанымын кеңейтуге жәрдемдеседі.

Жасы: 6 -13 жас;

Деңгейі: beginner-elementary-pre-intermediate;

Ұзақтығы: 80 академиялық сағат, күнделікті дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, бір ай бойы.

Оқыту бағдарламасында қамтылған:

  • грамматику;
  • сөздік қорын кеңейту;
  • дыбыстап айту, сөйлеу дағдыларын дамыту;
  • коммуникативті ағылшын тілі.

 

Біз балаларды өзі, отбасы және достары туралы баяндауды үйретеміз, кез келген ағылшын және американдық ойындар ойнаймыз, әзіл-қалжыңдар мен қызықты психологиялық тесттер мен тренингтер ұйымдастырамыз, қазіргі заман әндерін шырқаймыз, шағын-спектакльдер қоямыз. Осының бәрі – тек қана ағылшын тілінде.

Басталу күні:

 

1-лек:

01.06.2016ж. - 29.06.2016ж., күнделікті сағ.09.00 бастап 13.00 дейін. 

2-лек:

01.07.2016ж.-28.07.2016ж. күнделікті сағ. 09.00 бастап 13.00 дейін. 

3-лек:

01.08.2016ж.-26.08.2016ж. күнделікті сағ. 09.00 бастап 13.00 дейін.

Өткізілетін орны:

  • Бараев көшесі, 1 (Республика даңғылының қиылысы), тел. 44-32-43
  • Қабанбай батыр даңғылы, 42, ВП 20, тел. 45-23-52

 Бурабайдағы лагерь 

Қотыркөл көлінің жағасында қызықты демалыспен ұштастырылған ағылшын тілін оқып үйренуге арналған мазмұнды бағдарлама!

Тұратын жері – коттедж қалашығы

Бөлмелерде: жерсеріктік телевизия, ортопедиялық төсеніштері бар кереуеттер, «Қыс-Жаз» үлгідегі жылыту және ауа баптау жүйесі, сүлгілер, аяқ киімдер және жеке гигиена заттары.

Лагерь тәулік бойы күзетілетін 6 га жер учаскесінде орналасқан.

Бағдарлама құнына қосылған:

- 6 орындық орналасумен 10 күндік тұру;

- Бес мезгіл тамақтану;

- Астана-Бурабай-Астана трансфері;

- Ойын үлгіде өтетін тереңдетілген ағылшын тілі курсы (40 сағат);

- Ойын-сауық бағдарламалары, экскурсиялар;

- Тәлімгерлердің алып жүруі.

Жасы: 9-14 жас.

Жазғы лингвистикалық лагерь