ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ

OLS білім беру орталығы мемлекеттік және шет тілдерін оқыту бойынша курстар, тренингтер, семинарлар ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынады.

IN-CENTER —OLS ОҚУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА ОҚЫТУ

In-center шешімі тіл үйрену ортасына толық сіңісіп кетуді қамтамасыз етеді. Студентке бағдарланған персонал сіздің қызметкерлерге біздің орталықтардағы жеке өзіндік өзара қатынау арқылы жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл өте икемді шешім — сіздің қызметкерлер орталықтағы сабақтарға келіп қатысады, ал қосымша тапсырмаларды өз кеңселерінен не үйден онлайн жолымен орындайды. Біздің жұмыс кестеміз зор жүктемеге қарамастан түрлі сабақтарға келіп қатысуға мүмкіндік береді, бұл оқыту жолындағы кез келген кедергілерді жояды. Сіздің қызметкерлеріңіз сондай-ақ English Club сияқты қосымша тіл сабақтарына қатыса алады.

IN-COMPANY — СІЗДІҢ КОМПАНИЯҢЫЗДЫҢ АУМАҒЫНДА ОҚЫТУ

In-company шешімі оқыту үрдісін біздің орталықтардан сіздің кеңсеңізге ауыстыруға мүмкіндік береді. Сабақтар сіздің ішкі кестеңізге сәйкес өткізілетін болады. Мультимедиялық сабақтар өткізу тәуліктің кез келген уақытында онлайн режимінде өткізіледі. Біздің жоғары білікті оқытушыларымыз сіз үшін қолайлы уақытта сіздің кеңсеңізге келеді. Сіздің қызметкерлеріңіздің тіл үйрену үшін өз кеңселерінен ажырау қажет емес.

INDIVIDUAL — ЖЕКЕ VIP САБАҚТАР

Біз жұмысы бастан асатын басшылар үшін ерекше кесте мен дербес тәсімнің талап етілетіндігін түсінеміз. Негізгі шешімдерге қосымша, OLS жоғары білікті оқытушылар өткізетін жеке сабақтар ұсынады. Осы шешімнің арқасында әрбір қызметкер өзінің маңызды іскерлік міндеттерін орындай отырып тілді тиімді оқып үйренуіне болады.

OLS Қазақстанның барлық қалаларында қызметкерлердің ұжымдық оқытуын ұйымдастырады:

  • Сіздің компанияңыздың кеңсесіне оқытушының баруы арқылы;
  • бейне-конференция байланыс жүйесі арқылы қашықтықтан өткізу жолымен.

Неліктен OLS?

  • OLS білім беру орталығының тіл оқытудың ұжымдық курстарын өткізу бойынша көп жылғы нәтижелі тәжірибесі бар.
  • OLS білім беру орталығы нарықтың түрлі сараланымдарында көптеген озық компаниялар үшін қызмет көрсетуші болып табылады.
  • OLS білім беру орталығы оқу бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту және курстар өткізу үшін үздік мамандарды тартады.

 

Біз клиенттерімізге оқытудың түрлі тәсімдерін ұсынамыз:

  • OLS білім беру орталығының тіл оқытудың ұжымдық курстарын өткізу бойынша көп жылғы нәтижелі тәжірибесі бар.
  • OLS білім беру орталығы нарықтың түрлі сараланымдарында көптеген озық компаниялар үшін қызмет көрсетуші болып табылады.
  • OLS білім беру орталығы оқу бағдарламаларын әзірлеу, жаңарту және курстар өткізу үшін үздік мамандарды тартады.

 

Біз клиенттерімізге оқытудың түрлі тәсімдерін ұсынамыз:

  • Ұжымдық оқытудың қысқа мерзімді бағдарламаларын өткізу:

нақты мәселе бойынша білім алу немесе белгілі бір дағдыларды дамыту міндетін шешуге бағытталған үдемелі тренингтер, семинарлар әзірлеу және өткізу; 

  • Ұжымдық оқытудың модульдік бағдарламаларын өткізу:

тілдерді ұжымдық оқытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын қалыптастыру және өткізу.

Бағдарламалардың түрлері:

  1. Жалпы курс – аталмыш бағдарлама тілді бастапқы және жалғастырушы деңгейлерде оқып үйрену кезінде ұсынылады; 
  2. Тілдесу курсы;
  3. Бизнес-курс– бағдарлама іскерлік тілдесу саласындағы барлық коммуникативтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді (экономика, саясат, техника, табиғи ресурстар, маркетинг және сауда);
  4. Қазтестке дайындық– қазақ тілін оқыту және меңгеру деңгейін бағалау тілді пайдаланушы пікірінің күрделі барысын көрсету мақсатында тілді ресми және бейресми тұтыну, жазбаша тіл, ауызекі тілдесу, сондай-ақ жазбаша тіл қату үрдісінде анықтауға бағытталған.
  5. Іс жүргізу семинарлары– бағдарлама мемлекеттік тілде іскерлік хат алмасу және құжат айналымын жүргізудің күрделі сәттерін қарастыруға есептелген.
  6. Қазақ тіліндегі«Мемлекеттік қызметшілерге арналған сөйлесу мәдениеті» курсы.
  7. Басшыларға арналған дербес курс.

Кезең-кезеңімен оқыту үрдісі: 

  1. Компанияның оқытуға деген ағымдағы қажеттіліктеріне алдын ала жасалатын талдау, клиенттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге арналған міндеттерді айқындау;
  2. Деңгейді анықтауға арналған тестілеу өткізу (бастапқы, аралық, қорытынды), топтарға бөлу;
  3. Өткізілген талдау негізінде клиенттің сұрауларына жауап беретін ұжымдық оқыту бағдарламаларын қалыптастыру;
  4. Ұжымдық оқыту бағдарламаларын салалық ерекшелікке бейімдеу;
  5. Жаңа білімдер мен дағдылар алу үшін күндізгі/қашықтықтан оқыту;
  6. Клиенттің талап-тілектерін ескере отырып, ұжымдық оқыту өткізу орнын, мерзімі мен уақытын таңдауға икемді тәсім;
  7. Өткізілген ұжымдық оқыту туралы есеп дайындау және қатысушылардың пікірлерін талдау.

"Мемлекеттік тілде іс жүргізу ерекшеліктері" атты семинар

Семинар өткізу барысында іскерлік хат алмасуды жүргізу, мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару кезіндегі қазақ тілінің орфографиялық және орфоэпиялық, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктері жайында сөз қозғалатын болады.

Семинардың ұзақтығы – 12 академиялық сағат.

Семинарды елдің барлық қалалары мен өңірлерінде ұйымдастыруға болады.

Соңында сертификаттар беріледі.