Оқытушыларға арналған курстар

Оқытушыларға арналған OLS курстарының мақсаты — кәсіби тұрғыдан өсуге ықпалдасу. Оқыту барысында оқытушылар ағылшын тілін заманнеауи оқыту үдерістерімен және коммуникативтік тәсімнің гізгі қағидаттарымен танысады.

English for the Teacher

OLS ағылшын тілінің оқытушыларына «Оқытушыға арналған ағылшын тілі» кәсіби курсын ұсынады.

Курстың мақсаты – тіл машығын, тілдесу дағдыларын жетілдіру және бастапқы тіл меңгеру деңгейін жоғарылату. Курс бағдарламасының негізі тіл үйрену және оқыту саласына қатысты тақырыптар болып келеді.

Курсқа қатысу арқылы оқытушылардың қол жеткізетіні: 

  • аудиотыңдау және дыбыстап айту машықтарын дамытуға ерекше көңіл бөле отырып тіл саласы қызметтерін кешенді түрде дамыту;
  • заманауи Ағылшын тілі саласындағы өзіндік лексикалық сөз корын кеңейту;
  • сабақты тиісті заманға сай тәуір түрінде жүргізу;
  • тіл сабақтарын жүргізу үшін оқытушының атқарымдық тілін ұлғайту;
  • өзіне ағылшын тілі грамматикасының қыр-сырын ұйғару.

Курс екі кезеңге бөлінген:

  1. Upper-Intermediate деңгейі
  2. Advanced деңгейі

Қазақ және ағылшын тілдерін оқыту ӘДІСТЕМЕСІ БОЙЫНША СЕМИНАРЛАР

Семинарлар оқытушы үшін өз жұмысында күнделікті кездесіп тұратын практикалық сұрақтарды шешуге арналған. Семинарлар бағдарламасы өзінің педагогикалық қызметіне басқа қырынан қарап, тіл оқыту амалдарын түрлендіріп, оқыту үрдісін өзі және оқушы үшін қызықтырақ етіп жасағысы келетін оқытушыларға арналған.

Әдістеме бойынша жүргізілетін семинарларды Қазақстанның үздік оқытушылары, педагогикалық ғылымдар докторлары мен кандидаттары өткізеді және жоғары оқу орындарының ұстаздарына арналады. Бұдан бөлек, Ұлыбритания және АҚШ ұстаздары онлайн-бейне конференция түрінде өткізетін семинарларды жүргізу мүмкіндігі бар.

Бізде университеттерде және Қазақстанның басқа да мемлекеттік әрі жекеменшік оқу орындарында жоғары оқыту-әдістемелік деңгейде лингвист-оқытушыларды даярлау тәжірибеміз бар.

Біліктілікті жоғарылату курстары ұйымдастырушы жақта және де тапсырыс беруші аумағында да жүргізіле береді.

Сонымен қатар біз Тапсырыс берушінің қажеттіліктерін ескере отырып басқа да бағдарламаларды жасақтауға әзірміз.