Араб тілі

Араб тілі афразиялық тілдер тобының семит тармағына жатады. Араб тілінде және оның нұсқаларында сөйлеушілердің саны шамамен 240 миллион адам (ана тілі), және шамамен тағы 50 миллион адам араб тілін екінші тіл ретінде пайдаланады.

Араб тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас ассамблеясының және басқа да органдарының алты ресми тілдердің бірі болып табылады. Барлық араб елдерінің ресми тілі (Иракта — күрд тілімен қатар). Бұдан бөлек, Сомалиленд, Сомали және Комор Аралдарының ресми тілдерінің бірі болып келеді.

Араб тілінің грамматикасы екі ғылымды ұштастырады:

1. Наху – сөздердің аяқталуын зерделейді;
2. Сарф – сөздердің негізін және сөз түбірінің дыбысталуын зерделейді.

Наху ғылымында өзіндік терминология бар. Әдетте араб тілін оқығанда 

اللفظ ، القول ، الكلام ، الكلم ، الكلمة

сияқты сөйлемдер талқыға салынады.

 

1. Дыбысталым – сөздің мәні бар ма жоқ па оған қарамастан, адамның аз не көп мөлшерде айтатынның бәрі.

 

2. Сөйлеу – бұл бір сөз, сөйлем не бірнеше сөйлем түріндегі мәні бар кез келген дыбысталым.

 

3. Пайдалы сөйлем – толық мәні бар, кемінде екі сөзден тұратын дыбысталым, бұдан соң үндемеген орынды. Мысалы: 

 

Мұхаммед келді

Зейд тұр

 

4. Сөз тіркесі – мәні бар ма жоқ па бұған қарамастан, кемінде үш сөзден тұратын дыбысталым.

 

АРАБ ТІЛІНІҢ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

AR 1 (72 АК Ч)

Бұл деңгейдегі сабақтарда араб тілі грамматикасының негіздерін, фонетикалық құрылымын және жазуын оқытылады. Сөйлем мүшелері (зат есімдер және сын есімдер, етістіктер мен олардың шақтары), хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлем сияқты грамматикалық ұғымдар зерделенеді. Тыңдармандар бастапқы есту, ауызша және жазбаша тіл машықтарын игереді.

AR 2 (72 АК Ч)

Бұл деңгей еуропалық шәкіл бойынша А1 деңгейіне сәйкес келеді. Тәлімгерлер неғұрлым күрделі грамматикалық құрастырмалармен (теріс сөздер, сын есімнің салыстырмалы дәрежелері, етістік райлары, септік жүйесі, тура және жанама мағыналы сөздер) танысады; кино, спорт, күнделікті өмір, саясат және география, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сияқты тақырыптарға сөздік қорын молайтады; араб тілінде диалог және монолог жүргізу машықтарын игереді.

AR 3 (72 АК Ч)

Бұл деңгей еуропалық шәкіл бойынша А2 деңгейіне сәйкес келеді. Басты назар сөйлемнің синтаксистік құрылымына бөлінеді, яғни — түрлі бағыныңқы сөйлемдер, кіріспе құрамдауыштар, қызметтік сөз таптары. Сөздік қоры этикет лексикасымен толығады.

AR 4 (72 АК Ч)

Бұл деңгей еуропалық шәкіл бойынша В1 деңгейіне сәйкес келеді. Тыңдармандар стилистикалық егжей-тегжеймен, күрделі грамматикалық құрастырмалармен танысады, сөздерінде фразеологизмдерді қолданады. Бұл деңгейде тәлімгерлер бейімделмеген публицистикалық және көркем әдебиетті оқуға қабілетті.

AR 5, 6 (144 АК Ч)

Бұл деңгей еуропалық шәкіл бойынша В2-С1 деңгейіне сәйкес келеді. Грамматика, стилистика, синтаксис қолданымы оқытылады, сөздік қоры жинақталады. Тыңдармандар араб тілінде еркін пікірталасқа түсіп, өз пікірін уәжді түрде келтіре алады.