Қытай тілі

ҚЫТАЙ ТІЛІ

1, 2-деңгейлер

Әрбір деңгейдің ұзақтығы - 36 сағат.
Қытай тілін зерделеу процесінде тыңдаушылар бірінші және екінші деңгейлерде қытай тілінің фонетикасы, грамматикасы, иероглификасы және лексикасы бойынша базалық білімдер алады. Осы кезең ішінде студенттер жалпы және тұрмыстық тақырыптар бойынша 500 иероглифтік белгі мен 1000 лексикалық бірлікті зерделейді.

Екінші деңгей аяқталған кезде тыңдаушылар зерделеген тақырыптарына әңгімелесулерді қолдай, шағын хабарлама жасай, иероглифтік жүйені пайдалана отырып мәтінді жаза алатын және оны транскипциялай алады.

3, 4-деңгейлер

Әрбір деңгейдің ұзақтығы - 48 сағат.
Үшінші және төртнші деңгей сабақтарында қытай грамматикасын, лексикасын, фразеологиясы мен иероглифтік жазу жүйесін зерделеу жалғастырылады. Оқытудың төртінші кезеңінің соңына қарай, студенттердің сөздік қоры 1500 лексикалық бірлікті және 100 иероглифтік белгіні құрайды. Төртінші деңгей аяқталар кезде тыңдаушылар күрделілігі үшінші деңгейлі бейімделмеген мәтіндерді сөздікпен оқи алатын болады.

5, 6, 7-деңгейлер

Әрбір деңгейдің ұзақтығы – 48 сағат.
Бесінші деңгейден бастап қытай тілін тереңдетіп зерделеу басталады, оқу процесінде өтілген фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, иероглифтік материалдарды жазбаша және ауызша тілде белсенді түрде пайдалануға назар аудартылады. Осы деңгейлерде оқыту уақытында студенттер жаңа 1500 лексикалық бірлікті және 650 иероглифтік белгіні зерделейді.

Жетінші деңгей аяқталатын кезде тыңдаушылар күрделілігі орташа мәтіндерді оқи алады, жазу-сызудың иероглифтік жүйесін теңгереді, қытай тілінің ауызша тілін түсінеді, әртүрлі тақырыптарға әңгімелерді қолдай және қандай да бір сұрақ бойынша өзінің көзқарасын білдіре алады.

Қытай тілін зерделеудің әрбір курстары емтихан тапсырумен аяқталады, сәтті тапсырған студенттер келесі оқыту кезеңіне өтуге мүмкіндік алады. Соңғы емтиханды сәтті тапсырған жағдайда, оқушылар сондай-ақ олардың қытай тілін меңгеру деңгейін растайтын белгіленген үлгідегі диплом алады.