Чех тілі

ЧЕХ ТІЛІ

Бүгінгі күні чех тілін оқып үйрену қазақстандықтар арасында аса танымал. Бұған бірнеше фактор ықпал етеді. Біріншісі – бұл Чехияда жоғары білімнің тегін болып табылатындығының және чех тілін білетіндердің еуропалық елдердің бірінде жоғары білім алудың бірегей мүмкіндігіне ие екендігінің факторы. Оның үстіне, чех тілі батыс-славян тілдер тобына жатады, демек, орыс тілімен ортақ жақтары көп дегенді білдіреді. Сіз Чехияда, шамамен бірнеше минут болсаңыз, көптеген маңдайша жазулардың мағынасын, жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін түсіне бастайсыз, ал бірнеше күн болған уақытта сізге жергілікті тұрғындармен бірнеше сөз тіркестерімен асыра сөйлесудің сәті түсуі мүмкін.

Чех тілі — славян тілдерінің бірі, чехтар тілі. Батыс славян тілдерінің тобына жатады, чех-словак кіші тобына біріктірілетін словак тіліне барынша жуық батыс-славян тілдерінің тобына жатады. Чехияның ресми тілі (úřední jazyk) және Еуропалық одақтың 24 ресми тілінің біреуі болып табылады (2004 жылдан бастап). Чехияда, сондай-ақ АҚШ-та, Канадада, Словакияда, Сербияда, Австрияда және көптеген басқа елдерде таралған. Орталық және Шығыс Еуропаның чехтар, әдетте, ұйысып орналасқан бірқатар мемлекеттерінде чех тілінің өңірлік тіл мәртебесі бар.

Стилистикалық жоспарда чех тілі жеткілікті түрдегі күрделі жүйені білдіреді. Онда төрт деңгей бөлініп алынады:

  1. Әдеби тіл (spisovná čeština) — Чех тілі ережелерінде (Pravidla českého pravopisu) және Әдеби чех тілі сөздігінде (Slovník spisovné češtiny) кодталған тілдің жазбаша нысаны. Ол сөйлесу және жалпы чех тілдерінің сөздерімен толықтырылады.
  2. Кітап тілі (knižní čeština) — ескірген сөздер кеңінен пайдаланылатын әдеби тіл.
  3. Сөйлесу тілі (hovorová čeština) — әдеби тілдің жалпы чех тілінен енген сөздері бар ауызша формасы. Оның, бір жағынан, айтылуда артық тырысатын, мектептегі жасанды немесе поэтикалық реңі болмайды, екінші жағынан, оған дөрекі тілдің тілдік бірліктері және кездейсоқ диалектизмдер кірмейді[13].
  4. Жалпы чех тілі (obecná čeština) — Чех тілі ережелерінің нормалары жартылай басшылыққа алынатын, Богеми және батыс Моравидағы интердиалект немесе койнэ, тілдің ауызша формасы. Өзінің фонетикалық ерекшеліктері бар.

Чех тілінің деңгейлері

А1 деңгейі. Сіз өзіңіз және қарапайым тақырыптарда әңгімелесуге қабілетті және сұрақтар қоя алатын басқа адамдар туралы жай сөйлемдер құрастыруға тиіссіз. Барлық деңгейдегі емтихан екі бөлікке бөлінеді: жазбаша және ауызша. Ауызша бөлігі үш емтихан алушымен болатын сіздің әңгімеңізді болжайды. Жазбаша бөлік үш тапсырмадан тұрады: үзінді оқу, мәтінді және шағын шығарманы тыңдау. Тестте сіөзің оқығаныңыз бен естігеніңіз туралы сұрақтар болады.

B1 деңгейі. Сіз өткен, осы және келер шақтардағы оқиғалар туралы, өзіңіздің мақсатыңыз бен жоспарларыңыщ туралы айтып беруге тиіссіз. Одан басқа, сізден қанджай да бір кітап немесе фильм туралы өзіңіздің көзқарасыңызды айтып беру қабілеттілігін күтетін болады. Аталған деңгей сіздің теле – радио бағдарламаларды чех тілінде түсінетіндігіңізді болжайды.

В2 деңгейі. Сіз өзекті қоғамдық тақырыптар туралы пікірталас жүргізуге қабілеттісіз. Сіз әдеби шығармаларды чех тілінде түсінесіз.

С деңгейі. Сіз тілдік тосқауылға байланысты, кез келген тақырыптағы әңгімеге қатысу проблемаларын сезінесіз. Сіз ғылыми әдебиетті түсінесіз және ғылыми стильде мәтін жазуға қабілеттісіз.