Ағылшын тілі

БАСТАУЫШ АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Ең басынан бастап немесе бастапқы біліммен ағылшын тілін меңгерудің, осы тілде сөйлесудің ең тиімді тәсілі.

Beginner 2 ай

ОҚУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ СІЗ:

  • Белгілі бір, мысалға, отбасы, достар, саяхаттау, жұмыс сияқты тақырыпқа сөйлесетін боласыз
  • 1000 артық негізгі сөздер мен сөйлемшелерді меңгересіз
  • Грамматиканың қыр-сырымен танысқасын оны ауызекі тілде қолданасыз

Elementary - 3 ай

ОҚУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ СІЗ:

  • Хат жазу және мәтіндер оқу машықтарын игересіз
  • Демалыс кезінде шетелде жүргенде ағылшын тілінде сөйлесесіз
  • 1000 артық негізгі сөздер мен сөйлемшелерді меңгересіз
  • Өткен шақты қолданып, грамматикаға қатысты біліміңізді кеңейтесіз

 

ЖАЛҒАСТЫРУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Pre-Intermediate - 4 ай

  • Ағылшын грамматикасын ауқымды білу
  • Ағылшын тіліндегі сөйлемдерді жақсы ұғыну, кең ауқымды сұрақтар бойынша өз ойыңызды білдіру
  • Сөздік қоры – 1000 сөздер мен орнықты сөйлемшелер

Сіз мәтінді толық түсініп, одан қажетті ақпаратты таба аласыз. Біздің мектептен бұл деңгейден сәтті өткесін Сіз BUSINESS ENGLISH курсынан өтуіңізге болады.

Intermediate - 4 ай

  • Ағылшын грамматикасын тереңдеп түсіну (барлық етістік шақтары, негізгі және ырықсыз етіс)
  • кең ауқымды сөздік қоры
  • Түрлі тақырыптарға еркін сөйлесу
  • Фильмдерді түпнұсқада тамашалау және бейімделмеген әдебиетті оқу.

Біздің Мектепте бұл деңгейден сәтті өткен соң Сіз IELTS, TOEFL, GMAT GRE Халықаралық емтихандарды тапсыру дайындығынан өте аласыз.

 

ІЛГЕРІМДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Upper-Intermediate– 4 ай

  • Пікірталастарда ауызекі тілдесу машықтарын дамыту, ақпаратты талқыға салу дағдылары және топ ішінде шешім шығару, рөлдік ойындарға қатысу;
  • Баяндау машықтарын дамыту, берілген жанрда әңгімелер шығару, дайындалған тақырыпқа сөз сөйлеу;
  • Жазбаша хат жазу мышақтарын дамыту: ағылшын тіліндегі түрлі дереккөздерді тыңдау (әндер, радио жарнамасы, сұхбат, диалогтар, телефон сөйлесімдері, радио бағдарламалар мен спектакльдер), түйінді сөздер мен сөйлемшелерді тыңдау, естігенді жете ұғыну және жалпы мағынасын түсіну, айтушының көңіл-күйін тану, қалжың не байыпты сарынды ажырату;
  • Жаңа лексика көп кездесетін ауқымды ақпарат бөліктерін оқу машығын жетілдіру.

 Advanced– 4 ай

  • Төл тілі деп білетіндердің деңгейінде әдеби тілді меңгеру;
  • Грамматикалық машықтарды бекімдеу, фразеологияны және идиоматиканы тереңдетіп білу;
  • Эвфемизмдер, әңгімелек клише, күлекештер, жолдауларды жұмсартып жеткізу, инверсия, сықақ білдіру, жаңалықтарға жауап қату, тілдегі эмоциялық сарындар сияқты тілге табиғилық және әркелкілік сипатын беру әдістерін меңгеру; баяндау машықтарын дамыту, берілген жанрда әңгімелер шығару, дайындалған тақырыпқа сөз сөйлеу, және де визуалды ақпаратпен жұмыс жасауды жетілдіру;
  • Жазбаша хат жазу тұстарын дамыту: грамматика, стиль, мәтінді құрастыру және оның мазмұны;
  • Ғылыми, қаржылық, саяси, спорттық, медициналық лексика көп кездесетін ақпарат бөліктерін оқу және аудиотыңдау машықтарын дамыту.

Бұл деңгейді аяқтаған соң студенттер CAE (Certificate in Advanced English) ілгерінді ағылшын тілі сертификатын алуға арналған емтиханды тапсыру үшін дайындықтан өтулеріне болады.

 

АУЫЗЕКІ АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Тіл негіздерін меңгерген және ЖАТТАНДЫ ТҮРДЕ ЕМЕС неғұрлым еркін сөйлегісі келетіндер үшін арналған.

ОҚУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ СІЗ:

  • Ағылшын тілінде ана тіліндегідей ойлауды әрі сөйлесуді үйренесіз
  • Тілдік бөгеуілден арыласыз
  • Шетел сөздерін естігенде оларды анық ұғынасыз
  • Түрлі сөз орамдарын және сленг айтуды пайдаланатын боласыз

 

IELTS, TOEFL ЕМТИХАНДАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Халықаралық емтихандар тек жақсы тіл дайындығын ғана талап етпейді. Нәтижесі емтиханды дұрыс жоспарлау, қойылатын талаптарды білу және тапсырмалар форматын түсінуге де тәуелді болып келеді.

Курстарда сіз тіл машықтарын жаттықтырып, шынайы емтихан тапсырмаларын пысықтайсыз. Грамматика, жазбаша жазу, ауызекі тілдесу, аудиотыңдау икемдерін жетілдіресіз; емтихан уақытын жөнді пайдаланып, өзіңіздің мықты тұстарыңызды көрсете аласыз.

OLS оқытушыларымен бірге сіз емтихан құрылымын зерттеп, оның барысында болатын айла амалдарын үйренесіз. Бұдан бөлек оқытушы Сізге жетіспей тұрған білімді анықтап, емтиханға дайындалу үшін сізге арналған жеке бағдарлама құрастырады.

 

БИЗНЕС АҒЫЛШЫН ТІЛІ 

Жұмысында ағылшын тілінде келіссөздер мен хат жазуды жүргізу, ағылшын тілінде бизнес әдебиетті оқу қажеттігі бар тұлғаларға арналған. Бұл курстың сабақтары базалық ағылшын тілін меңгерген студенттермен жүргізіледі.

ОҚУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ СІЗ:

  • Ағылшын тілінде бизнес-серіктестермен кездесулерді өткізетін боласыз
  • Халықаралық компанияда бетпе-бет сұхбаттасудан өтесіз
  • Өз компанияңызды, өнімдеріңізді сапалы түрде таныстырып көрсете аласыз
  • Серіктестермен ағылшын тілінде іскерлік хат жазысасыз

 

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Балалардың ата-аналары оқыту үрдісін бақылап қадағалауларына болады. Жетік платформа сабақтар желісін бақылап барлық материалдарды сақтайды. Оқыту балаларды жекешелік тұрғыдан дамытуға бағытталған. Оқыту барысында аудиотыңдау, айту машықтары, логикалық ойлау мен тілді ұғыну зеректігі дамытылады. Балалардың сөздік қоры шетел тілінде ән айту, аудиожазбалармен жұмыс жасау, логикалық тізбектерді құру тапсырмаларымен толығып отырады. Шетел тілінде дыбыстап айту және тілдің грамматикасы жетіледі.

СІЗДІҢ БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕТІНІ:

  • Мектептегі оқу үлгерімін жақсарту
  • Бақылау жұмыстарын және емтихандарды ойдағыдай тапсыру
  • Шетелде білім алуға әзірлену
  • Университет оқуына түсу емтихандарына дайындалу

 

AVIATION ENGLISH 

Ағылшын тіліндегі мамандандырылған авиациялық курс (жалпы және авиациялық ағылшын тілін оқытуға арналған көпдеңгейлі курс).

Бұл бағдарлама өзінің тіл біліктілігін жоғарылатқысы келетін авиадиспетчерлерге, жолсеріктерге және авиациялық саланың басқа да мамандықтарына арналған.

Сабақтар авиакәсіпорындардың ұшу және диспетчерлік құрамының тіл дайындығына есептелген.

 

MEDICAL ENGLISH

Бұл курс өзінің кәсіби міндеттерін атқару үшін қажеттілік туындаған дәрігерлерге, медициналық оқу орындарының студенттеріне және медициналық қызметкерлерге арналған.

Бұл курстың міндетіне ағылшын тілінде жалпы алғанда және медициналық терминология бөлігінде әңгімелесу, хат жазу, естігенді түсіну кіреді. Студенттер арнаулы лексика мен сөйлемдерді меңгереді, оларды әңгіме барысында белсенді түрде еркін қолданып, кәсіптік мәтіндерді сенімді оқуға және шетелдік әріптестерімен араласуға үйренеді.