Итальян тілі

   

Итальян тілі курстары 

Итальян тілі үндіеуропалық тілдердің роман тобына жататын, Рим империясы ыдырағаннан кейін халықтық латын тілінен туындаған тіл. Итальян тілінің қалыптасуына Қайта өркендеу дәуірінің қайраткерлері зор ықпал етті. Өз кезегінде, Данте және Бокаччо тілі француз, ағылшын, неміс, испан және басқа Батыс Еуропалық тілдерге әсер етті. Осы тілдердің бәрінде итальян тілінен шыққан, негізінен мәдениет (өнер, әдебиет, музыка) саласындағы жетістіктерге қатысты жүздеген сөздер бар.

Испан және ағылшын тілдерінен ерек, итальян тілі әлемде соншалықты тараған тіл деуге келмейді, алайда оны қастерлеуші қауым баршылық. Қазіргі таңда итальян тілі Италия, Сан-Маринода мемлекеттік тіл және Швейцарияның төрт мемлекеттік тілінің бірі болып табылады. Итальян тілі кеңінен қолданылады – қалай болғанда да Жерорта теңізін мекендейтіндер оны жақсы түсінеді. Италиялық эмигранттар өз тілін Францияға, Германия, Бельгия, Люксембург, Швейцария, Оңтүстік және Солтүстік Америкаға әкелді. Сөйтіп, итальян тілін шамамен 65 млн. адам меңгерген. Интернеттегі таралымы бойынша итальян тілі 7-ші орында тұр.

Итальян тілінің өзіне тән ерекшелігі – дауысты дыбыстардың көп болуы. Бұдан бөлек, итальян тілінде дауыссыз дыбысқа аяқталатын сөздер жоқтың қасы. Сондықтан да бұл тіл соншалықты әуенді әрі әнді болып келеді. Итальян тілінің махаббат пен ән тілі болуы осыдан болар.

Online тіл студиясында итальян тілін оқу халықаралық 5 деңгейге есептелген. Жалпы курс бағдарламасы бойынша барлық негізгі машықтар жетілдіріледі: жазбаша хат, оқу және аудиотыңдау (естігенді ұғыну машығы). Бұнымен қатар сөздік қорын толықтыру және грамматикаға оқыту жүргізіледі. Итальян тілін оқу кезінде коммуникативтік әдістеме пайдаланылады. Сабақта студенттер итальян тілінде сұхбаттасуды үйренеді.

Итальян тілін меңгеру бағдарламасындағы деңгейлер жүйесі:

 

Principianti (It 1)

Principianti – бастапқы дайындық деңгейі. Тыңдаушы келесідей тақырыптар бойынша коммуникативтік фразаларды меңгереді: қарсы алу, танысу, «сағат қанша?», таныс итальяндықтармен сөйлесу, мейрамға орай жазылатын ашықхаттар. Грамматикалық құрылымдардан ерекшеленетіні: осы шақта негізгі етістікті (модальдық, қимыл етістіктері, «болу», «бар болу»), бастауыштарды жекеше және көпше түрде жіктеу, артикльдер, сондай-ақ қарапайым келер және өткен шақтар.

Elementare (It 2)

Бұл деңгейде тақырыптық материалдар ауқымы кеңейеді: театр, TV, қонақтар, бар, Италияның білім беру жүйесі, саяси және экономикалық жүйесі. Грамматика біршама қиындайды – шартты рай енгізіледі.

Pre-Intermedio (It 3)

Бұл деңгей сусымалы үлгіде сөйлеудің бастапқы машықтарын пысықтауға жол береді. Тақырыптық бөлімдер: билік өкілдерімен қатынасу, дәрігерге қаралу, сатып алымдар жасау, экология, Италияның дәстүрлері мен мерекелері.

Intermedio (It 4)

Бұл деңгейде итальян тілінің барлық негізгі лексикалық-грамматикалық құрылымдары игеріледі.

Avanzato (It 5) и Avanzato II (It 6)

Бұл деңгейде Viaggio nell'Italiano оқулығы пайдаланылады, бұл оқу құралы игерілген білімді бекітуге және белсенді қолдануға арналған. Сабақтағы негізгі назар қазіргі таңдағы Италиядағы түрлі өмір тұстарын талқылауға бөлінеді. Тыңдаушы итальян тілін ұғыну проблемасына душар болмайды, итальян тілінде сусымалы түрде сөйлеп, бейімделмеген әдебиет пен баспа материалдарды оқуға қабілетті болып келеді.