Орыс тілі шет тілі ретінде

ОРЫС ТІЛІ

Орыс тілі шет тілі ретінде

OLS орыс тілін шет тілі ретінде оқытуды жүргізеді. Шетелдіктер үшін орыс тілінің жалпы курсының бағдарламасы студенттерде барлық негізгі тілдік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған: жазбаша және ауызша тіл, оқылым және ерекше қабылдау (сөзді естіп қабылдау).

Орыс тілін оқып үйрену бойынша бағдарлама бірнеше деңгейге бөлінген: 

1-деңгей (Rus 1)

Ұзақтығы - 144 академиялық сағат (6 ай, қарқындылығы кезінде аптасына 6 сағат).

Алғашқы деңгей ең қажетті, жиі тұтынылатын лексиканы, оқу ережелерін, сөйлеуді қалыптастыруды белсенді түрде зерделеуге арналған. Өзінің ойларын қарапайым тілде білдіру үшін қажетті негізгі грамматикалық құрылымдар оқып үйретіледі. Осы кезеңдер аяқталған кезде тыңдаушы орыс тілінің базалық білімін меңгереді, тілдік ортаға бағдарлана алады, сөйлесу тілінің дағдыларын үйренеді.

2-деңгей (Rus 2)

Ұзақтығы - 144 академиялық сағат (6 ай, қарқындылығы кезінде аптасына 6 сағат).

Бұл кезеңде лексикалық қорды толықтыруға назар аударылады: өмірдегі әртүрлі жағдайларда кездесетін лексика зерделеніп, белсендіріледі. Тыңдаушылар сондай-ақ грамматикалық және лексикалық базаны меңгереді, өз ойларын жазбаша және ауызша түрде еркін білдіре алатын дағдыларды игереді.

3-деңгей (Rus 3)

Ұзақтығы - 144 академиялық сағат (6 ай, қарқындылығы кезінде аптасына 6 сағат).

Соңғы деңгейде тез сөйлеу дағдылары дамытылады, арнайы лексика зерделенеді, грамматика ерекшеліктері игеріледі. 
осы деңгей аяқталатын кезде тыңдаушылар көркем және публицистикалық әдебиетті оқиды, тілдік ортада өздерін жақсы сезінеді.

Әрбір деңгей емтихан тапсырумен аяқталады және тыңдаушылар оріс тілін меңгеру деңгейін растайтын Online Language Studio сертификатын алады.  

Шетелдіктерге арналған орыс тілінің жалпы курстары

Орыс тілінің базалық курсы

Ұзақтығы: 6 ай, қарқындылығы кезінде аптасына 6 сағат.

Орыс тілінде еркін сөйлескісі келетіндерге арналған орыс тілінің толық курсы. Орыс тілінің жалпы курсының бағдарламасы студенттерде барлық тілдік негізгі дағдыларды қалыптастыруға бағытталған: ауызша және жазбаша тіл, оқылым және ерекше қабылдау (сөзді естіп қабылдау).

Орыс тілінің үдемелі курсы

Ұзықтығы: 3 ай, сабақтардың қарқындылығы кезінде аптасына 12 сағат.

Online Language Studio орыс тілінің үдемелі курсы – бұл қысқа уақыт аралығында тілді үйренудің бірегей мүмкіндігі. Сіз курс аяқталған кезде орысша сөйлей және түсіне аласыз, сондай-ақ грамматикалық негіздерді игересіз және психологиялық тілдік тосқауылды жеңесіз. Аз ғана уақыт ішіндегі максималды нәтиже!

Орыс тілінің бизнес курсы

Бағдарлама орыс тілінің іскерлік лексикасын меңгергісі, сондай-ақ қөзінің тілді меңгеру деңгейін жетілдіргісі келетіндер үшін арналған. Курс шеңберінде іскерлік кездесулер, телефонмен сөйлесулер, іскерлік хат алмасу жүргізу үшін қажетті лексика, сондай-ақ бизнес этикет негіздері оқытылып үйретіледі. Сабақтар диалогтар, рөлдік ойындар нысанында өткізіледі.

Орыс тілінің «Survival Russian» сөйлесу курсы

Ұзақтығы: 12 сабақ

Орыс тілінің сөйлесу курсының бірегей қысқа мерзімді курсы!

Курстың басты міндеті – студенттерді күнделікті сөйлесу үшін оқуға, жазуға және базалық сөз тіркестеріне үйрету. Бағдарламада мынадай тақырыптар қамтылған: оқылым, хат, дүкенде, мейрамханада, метрода, көшеде және т.с.с..