Түрік тілі

 

Түрік тілі курстарында біз әлемде танылған заманауи оқыту әдістерін пайдаланамыз, оларды жасанды тілдік орта жағдайында түрік тілін оқыту әдістерімен бейімдейміз. Тәлімгерлер тіл үйренудің бастапқы деңгейінен ілгері сатысына дейін алға басады. Оқу барысында олар түрік тілінде: оқу, жазу, аудиотыңдау (естігенді ұғыну машығы), айту сияқты маңызды машықтарды игереді. Түрік тілін оқыту кезінде біз жеке адамның оқытылған материалды ұғынуын және меңгеруін ескере отырып, әрқайсысына жеке тәсіммен жол табамыз.

Түрік тілі сабақтарын бұл тілді өзінің төл тілі деп білетін кәсіби оқытушылар оқытады.

Түрік тілін оқыту 6 деңгей бойынша жүргізіледі, олар келесідей жүйені құрайды (өсімі бойынша):

  • түрік тілінің 1 бастапқы деңгейі
  • түрік тілінің 2 бастапқы деңгейі
  • түрік тілінің 1 орташа деңгейі
  • түрік тілінің 2 орташа деңгейі
  • түрік тілінің 1 ілгері деңгейі
  • түрік тілінің 2 ілгері деңгейі

Сәйкесінше, бір деңгейден сәтті өткен тәлімгер оқуды келесі сатыда жалғастыра алады. Оқудың төрт деңгейінен өтіп түрік тілінде жазбаша жазу және ауызша сөйлеу машықтарын тереңдетіп дамытқысы келген тәлімгер оқуын «ілгері деңгейде» жалғастыра алады. Біздің курстарда оқудың бастапқы және орташа деңгейін бітіргендер «Толеранс» шетел тілдері курстары сертификатын алады.

Түрік тілінің 1 бастапқы деңгейі

Бұл деңгейде тәлімгерлер ауызекі тілдесу кезінде еркін пайдаланатын негізгі грамматикалық шақтарды меңгереді; бұдан бөлек олар оқытылатын әңгіме тақырыптары көлемінде монолог және диалог түрінде сөйлеуді үйренеді; түрлі айтылу мақсатындағы сөйлемдерді қолданады.

Түрік тілінің 2 бастапқы деңгейі

Бұл деңгейде тәлімгерлер күнделікті тақырыптарға ауызекі тілдесу машықтарын жетілдіреді. Бұл дейгейді бітіргесін бес грамматикалық шақты әңгімелесу практикасында пайдаланып, түрлі сөйлем құрылымдарын игереді, олардың көмегімен сұрақтар қойылады және жауаптар қайрылады.

Түрік тілінің 1 орташа деңгейі

Бұл деңгейде диалог түрінде тілдесу машықтары жүйелі түрде пысықталады. Бұл деңгейді аяқтағанда олар етістік формаларын әңгімелесу практикасында пайдаланып сөйлем құрастырады. Бұнымен қатар олар күрделі тақырыптарға сөз қозғайды, жазбаша хат жазу машықтарын игереді. Сөздікті пайдаланып көлемі шағындау және мазмұны түсінікті газет мақалаларын оқиды.

Түрік тілінің 2 орташа деңгейі

Бұл деңгейді тамамдағанда тәлімгерлер түрік тілін қолданудың түрлі амалдарын меңгереді. Баспа материалдарымен (газеттер, журналдар) жұмыс жасау жалғастырылады, түрік тілінде телевизиялық бағдарламалар қаралады. Сөйтіп, тәлімгер неғұрлым күрделірек тақырыптарға өз ойын білдіруге қабілетті болады. Тәлімгерлер түрік тілінің өзгермелі шақтық парадигмасын түсініп, сөйлесуінде сенімді пайдаланады. Әрбір тәлімгер сыныпта оқытушының орнына үйде дайындап келген қандай да бір тақырыпқа хабарлама жасайды. Бұл деңгейдің соңында тәлімгердің сөз сөйлеу дәрежесі тілді ілгері деңгейде білу сатысына жақындайды. 4 деңгейден (сатыдан) сәтті өткен тәлімгерлер түрік тілі курстарын тамамдағаны туралы сертификатты алады.

Түрік тілінің 1 ілгері деңгейі

1 ілгері деңгей жалпы бағдарламаға қосымша саты болып келеді. Тәлімгерлер оқып жатқан тілде сөйлесіп, түрлі тақырыпқа шығармалар жаза алады. Бұл деңгейдегі оқу сабақтарында мәдени-ағартушылық тақырыптарына газет және журнал мақалалары, және де түрік тіліндегі көркем прозадан үзінділер мен қысқаша әңгіме-баяндар пайдаланылуы мүмкін.

Түрік тілінің 2 ілгері деңгейі

2 ілгері деңгей жалпы бағдарламаға қосымша саты болып келеді. Бұл деңгейде тәлімгерлердің мүддесін білдіретін оқыту бағдарламасы іріктеліп алынады. Бұл деңгейдің оқуына тәлімгерлердің ауызша және жазбаша жұмыс жасау машықтарын жетілдіру, түрік тіліндегі сөздік қорын қарқынды түрде толымдау кіреді. Сабақтарда әңгімелесу практикасына басты назар аударылады.