Аударма бюросы

АУДАРМА БЮРОСЫ

9 жылдан аса жұмыс тәжрибесі бар OLS аударма агенттігі 50 тілге/тілден кәсіби жазбаша аудармаларды жүзеге асырады: көркем, әдеби, техникалық, медициналық және заң мәтіндері мен құжаттар, жарнама және тағы да көптеген басқа құжаттар. Сондай-ақ кез келген тақырып бойынша ауызша тізбектелетін және ауызша синхронды аудармалар.

Кәсіби тәжірибелі аудармашылардан құралған біздің команда аударманы өте жоғары деңгейде орындайды. Әрбір аудармашы өз саласында маманданады, ерекше терминологияны меңгерген, бұл дайын аударманың жоғары сапасына кепілдік береді.

Жазбаша аудармалар үшін OLS әдетте, кәсіби тұжырымдаманы пайдаланады, бұл аудармашыларға, редакторлар мен түзетушілерге бір мезгілде жұмыс істеуге, ал менеджерлерге олардың жұмысының жылдамдығын бақылауға мүмкіндік береді. Тұжырымдама глоссарий мен аудармалар жадысын пайдалануға мүмкіндік береді, бұл бізге көлемі үлкен мәтіндерді қысқа мерзімдерде сапасы мен біркелкілігін сақтай отырып аударуға мүмкіндік жасайды. Тұжырымдама деректердің қауіпсіздігіне қойылатын барлық жоғары талаптарды қолдайды: барлық жобалар материалдарға қолжетімділік деңгейін реттеуге мүмкіндік беретін жабық аккаунтта жүргізіледі.

Компанияның сондай-ақ сайттардың, порталдардың, CRM жүйелердің, Autocad, аудио-бейне цифрлау бойынша басқару бөлігінде материалдардың кезекті аудармасымен тікелей жұмыс үшін техникалық ресурстары және тәжірибесі бар.

Біз өзіміздің бірлескен клиенттеріміз үшін дербес менеджер, жеңілдіктер мүмкіндігін және икемді бөлшектеп төлеу жүйесін ұсынамыз.

  • Біз ұқыптымыз! Тапсырыстарды орындау мерзімдеріне кепілдік берілген. Аудармашылар аударманы ресімдеген соң бір сағаттың ішінде жұмысқа кіріседі.
  • Мамандандырылған аудармашылар! Бізде әмбебап аудармашылар жоқ. Әрқайсысы өз саласында маманданады.
  • Өңделген технология! Әрбір аударманы редактор есептеп отырады. Сапа бақылауы қателердің ықтималдығын азайтады.
  • Әділ баға! Төменгі бағалар, тапсырысты тегін бағалау және тестілеу аудармасы.
  • Дербес менеджер! Сіз жұмыс қолйлылығын қашанда сіздің талаптарыңызды білетін дербес менеджермен бірлесіп бағалайсыз.
  • Құпиялылық! Құпиялылықтың сақталуына шартпен және ішкі стандарттармен кепілдік беріледі.
  • Тілді қолдаушы - редакторлар! Қажет болатын кезде аударманы редактордың өзі редакциялауы мүмкін.
  • Түзетушілер – салалар бойынша мамандар! Қажет болған кезде аударманы белгілі бір саладағы маманның (қаржыгер, заңгер, инженер) өзі түзете алады.
  • Ұзақ мерзімді ынтымақтастық! Біз жалғасатын ынтымақтастықты көздейміз және біздің клиенттерімізге адал болу үшін барлығын да жасаймыз.
  • Икемді баға саясаты! Тапсырыстың көлеміне, мерзіміне және клиенттің талап-тілегіне байланысты, біз жеңілдіктер мүмкіндігін қарастырамыз.
  • Жұмысқа деген шығармашылық тәсіл! Біз аударманың бастапқы мәтінінде жазылған ақпаратты максималды дәлдікте жеткізуге тырысамыз.

Нақтылы ақпаратты Сіз www.translations.ols.kz сайтында ала аласыз.

 

 

лучить на сайте www.translations.ols.kz