ҚАЙЫРЛЫ КҮН, ҚЫМБАТТЫ ҚОНАҚ!
Біздің сайтқа жасаған қадамыңыз оңынан болсын! Сіздермен қауышуды асыға күткен едік. Біздің сайтқа кездейсоқ тап болдыңыз деп ойлаған боларсыз, алайда бұл жайттың бекерден-бекер орын алмағаны анық! Ниетіміз бір, тілегіміз ортақ, әманда солай болғай. Сіздің мақсат ұстану, өмірсүйгіштік, шетел тілін меңгерудегі нық ниетіңізге қолдау білдіре отырып, қуанышыңызды Сіздермен бірге бөлісуге ортақтаспыз!
БІЗ ЖАЙЛЫ ШАМАЛЫ АҚПАРАТ
OLS компаниясының негізі 2008 жылы қаланған болатын. Біздің қызметіміздің негізі шетел тілдерін оқыту болатын.
Бүгінгі таңда OLS білім беру орталығы өз қызметін едәуір кеңейтіп, мемлекеттік және шетел тілдерін оқыту курстарын, семинарларын, тренингтерін ұйымдастыру қызметтерін, жол нұсқағыш аудармашыларды ұсыну сияқты бағыттарда қызметтер көрсетуде.
Біз өз орталықтарымызда және де онлайн режимде қашықтықтан дипломы бар қазақстандық, сондай-ақ Англия және АҚШ елдерінің оқытушыларынан тәлім алудың бірегей мүмкіндігін ұсынатын Қазақстандағы бірінші тіл мектебі болып табыламыз.
Қазіргі таңда бізде Қазақстанның түкпірінен – Астана, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Семей, Қызылорда, сонымен қатар ТМД елдерінен қазақ, ағылшын және басқа да тілдерді үйреніп жатқан адамдар оқытудан өтуде.
ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ
OLS қабырғасында қалауы бар барша қауым қазақ, орыс, ағылшын, испан, француз, неміс, итальян, түрік, чех, корей, қытай және басқа да тілдерді меңгере алады.
Сіздерге келесідей оқыту бағдарламаларын ұсынамыз:
- негізгі курс;
- тілдесу курсы;
- іскерлік бизнес курсы;
- «авиациялық тіл» курсы;
- «медициналық тіл» курсы;
- балалар курсы;
- оқытушылардың біліктілігін жоғарылату курсы;
- Тапсырыс берушінің тапсырмалары ескерілетін жеке курстар.
Тіл оқытуға тапсырысты қалдырғанда Сіз мынадай кепілдік алатын боласыз:
- Астананың ең үздік оқыту орталығында тәлім аласыз
- Кәсіби дипломы бар, жеке өзіндік оқыту бағдарламаларының авторлары болып келетін ең үздік ұстаздар сабақ беретін болады
- Шет тілдерін оқыту ең заманауи әдістемелер бойынша жүргізілетін болады
- Сабақтардың қарқынды, қызықты, белсенді түрде өтуі себепті Сіз жалықпайтын боласыз және де керекті нәтижеге қол жеткізетін боласыз
Сіз оқуды жаңа ғана бастап жатқандар үшін арналған базалық оқудан әрі халықаралық емтихандарға кәсіби дайындықтан, сұхбатқа даярлау, Сіздің мамандығыңыздың бағыты бойынша арнаулы курстан өтуіңізге болады. Оқу аяқталғасын Сіздің білім деңгейіңізді көрсететін OLS оқу орталығының сертификаты берілетін болады.
БІЗДІҢ ОҚЫТУШЫЛАР
Біздің оқытушылар - Ұлыбритания, АҚШ, Қазақстан және әлемнің басқа да елдерінің кәсіпқойлары! Әрбір ұстазымыздың жоғары біліктілігі халықаралық дипломдар мен сертификаттармен расталған, ал біздің оқытушыларымыздың жинақтаған кәсіби әрі өмірлік тәжирибесі олардың баға жетпес артықшылығы болып табылады.
Баршаға аян, нағыз ұстаз -бұл ізденістегі, ұдайы өзін-өзі жетілдіруші тұлға, сол себепті біздің оқытушылар әрдайым жаңалықтарды зерделеп, біліктілігін жоғарылату курстарына қатысып, шетелден тағылымдама алу үшін сапарға шығады. Тек осы бағытты ұстанып қана әрдайым қарқынды өзгеріске толы әлемге ілесіп жүруге және оқушыларға, әсіресе тілдерді оқыту жайына қатысты, өзекті әрі заманауи білімді жеткізуге болады.
Сабақтарымызда оқытудың тиімді амалдары мен әдістері қолданылатындықтан біздің оқытушылар жүргізетін дәрістер қызықты әрі жемісті өтеді. Бұл біздің оқытушыларымыздың өз ісін шын жүректен атқаратындықтарының белгісі. Академик В.Ключевский айтқандай: «Жақсы ұстаз болу үшін үйрететін пәніңді әрі үйренуші қауымды ұнату қажет».